Балық өсіру кешенін кеңейту туралы меморандум

01.12.2025

Өскемен қаласында өткен халықаралық форумда «Кузмич» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қытай Халық Республикасының «Tacheng City Wanhe Business and Trade Co., Ltd.» компаниясымен Шығыс Қазақстан облысының Самара ауданындағы балық өсіру кешенін кеңейту бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыру мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы меморандум аясында тараптар балық өсіруге және балық өнімдерін озық өңдеуге арналған құрал-жабдықтарды жеткізуге, сондай-ақ Қытай нарығына өңделген балық өнімдерін сатып алуға көмек көрсетуге ниетті.