Аймақты тазалау

29.09.2025

2025 жылдың 28 қыркүйегінде «Кузмич» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Таза су қоймалары» акциясы аясында «Новостройка» елді мекені маңындағы №10 Бұқтырма су қоймасының және Усть-Нарым шығанағы жағалауындағы №13 және Трушнаки шығанағының басындағы белгіленген учаскелерде сенбілік жүргізді. Сенбілікке балықшылар бригадасының құрамына кіретін жағалаудағы ауылдардан сегіз адам қатысты. Арнайы техниканың көмегімен 20 шақырым жағалау тазартылып, шамамен 1 тонна қалдық жиналды.

2025 жылдың 29 қыркүйегінде «Көкпекті Аквакультура» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі Қайыңды өзенінің сағасынан 5 км төмен орналасқан № 9 Бұқтырма су қоймасының бекітілген учаскесінде тазалау жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке балық аулау бригадаларының құрамына кіретін жағалаудағы ауылдардан алты адам шықты. Арнайы техниканың көмегімен 30 шақырым жағалау тазартылып, шамамен 1,1 тонна қалдық жиналды.